«Наурызбай қажының мүфти болуына қарсымын!» дейді тәуелсіз дін зерттеуші
Таныс молда досым Жаңа Жылдың қарсаңында,яғни 26-27 желтоқсанында барлық өңірлерден мүфтият имамдары (облыс,аудан имамдар) Астанада жылдық есеп беріп, ҚМДБ төрағасының жаңа мерзімге сайланатын құрылтайына қатысатынын айтты.
Енді калькуляторға салып есептесем бір имамның ғана елордаға келіп-кету шығыны шамамен 200 мың теңгеден асады екен.
Егер имамдардың жол шығыны қазақтың мешітке берген жылу-садақасынан құралатын болса,онда мен бұндай жиынға үзілді-кесілді қарсымын!
Негізі есеп беру немесе «құрылтай» деген жиындарды онлайн(zoom) форматта еш шығын шығармай өткізуге болады емес пе?!
Айтпақшы аталмыш жиында(құрылтайда) ҚМДБ төрағасы, яғни жаңадан бас мүфти сайланады деп жатыр.
Соған байланысты мен өз басым тәуелсіз дін зерттеушісі ретінде әлемжеліде және БАҚ-та діни біліміне орай,жеке басына көптеген сыни пікір айтылған Наурызбай Өтпеновтің қайтадан мүфти боп сайлануына түбегейлі қарсы екенімді ашық мәлімдеймін!
Тұрарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ, тәуелсіз дін зерттеуші.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.