Назарбаевтың ескерткішімен сырласқан жігіт жұртты риза етті

0
262

ТикТок әлеуметтік желісінде экс-президент Назарбаевтың ескерткішіне мұңын айтып, сырласқан Нұрбек Айқынбаевтың видеосын миллиондаған адам көріп, жүз мыңдап пікір білдіруде деп жазады Democrat.kz.

«Ата, қалайсыз? Есіңізде ме, тәуелсіздік алған соң, Қазақстан өзгереді деп едіңіз. Өзгерді, ата! Кеше ғана ата-анасының көзінше баласын өлтірдік. Ол аздай, ертесіне үйін өртеп тастап жатырмыз. Әзілдік өз орнында. Құқыққорғаушыларымыз қорғап жатыр. Бәрі өзгерді, ата. Қазақстан — бақытты. Суда жүзе алмайтындарды суға батырып өлтіріп жатырмыз. Ешкімнің көз жасы ағып жатқан жоқ, ата. Бәріміз күліп жүрміз. Ақша деп ешкім сатылып жатқан жоқ. «Жоғарыдағылар», «төмендегілер» деп ешкім бөлініп жатқан жоқ. Бір жұдырықтай жұмылып өмір сүріп жатырмыз, ата… Бітсінші бір осымен, ата» деген Нұрбек алақанын жайып, Құдайдан ел үшін, халық үшін медет сұрады.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото видеодан скринделіп алынды.