Неге ұлтымыз туралы теріс сөзге үндемейміз?
Соңғы кездері бірнеше рет қазақтардың ренішпен жазылған ой пікірлерін оқыдым.
Олар, «неге біздер қазақтар тегің, руың, жүзің жаман десе өре түрегелеміз, төбелесуге дейін барамыз, ал қазақ жаман десек үндемейміз, келіскен рай танытамыз, осы біз ұлтпыз ба ұлт емеспіз бе? Неге ұлтымыз туралы теріс сөздерге үндемейміз?» дейді.
Негізі солай екені рас!
Бірақ бұл жерде бір жағдайға назар салмай ой түйінделген.
Біз өз арамызда ру туралы, тегің туралы айтқан сынға өре түрегеліп дауласамыз ол рас!
Түсініңіздер ӨЗ АРАМЫЗДА!
Ал, біреулер сырттан «қазақ жаман» десе осы қырық рудан құралған ҚАЗАҚ елінің ер азаматтары да, қыз келіншек, ата, әже, аналары да өре түрегеледі!
Біздің ұлтымызда да өр намыс бар!
Сондықтан өз өздеріңізді жерге ұрмаңыздар!
Бір нәрсені екінші нәрсеге негізсіз дәлел етпеңіздер!
Біз ҚАЗАҚ деген ұйысқан ұлтпыз!
Ешкімнен кем де, артық та емеспіз!
Сыйлағанды сыйлаймыз ол адамның қоры емес, шалқайғанға шалқаямыз ол құдайдың ұлы емес!
Өр намысымызды таптатпаймыз!
Өз кемшілігімізді өзіміз білеміз, өзіміз түзейміз, сырттан ешкімнің ақылының керегі жоқ!
Ой түйіндеген Қазығұрттық Әбдімүтәліп Көбей.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.