“Неке түніне онлайн қатысуға билет сату ғана қалды” дейді қоғам белсендісі

0
2255

Әлеуметтік желі парақшасында білікті ұстаз, қоғам белсендісі  Сұлтан Сүлеев қазіргі қазақ қоғамына қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Танымал педагог бірнеше күннен бері талқыланып жатқан тақырыптарға тоқталып:

“Осы қазаққа таң қалудан арылмайтын шығармын.

АҚШ қа шетелдіктер (көбінесе мексикалықтар) заңсыз кіріп, Трамп оларды шығаруға әрекет етіп жатыр.

Ал біздің қазақтар Трамптың отставкаға кетуін талап етуде. Щась. Мен дауыс берейін, сосын Трамп Ақ үйден бөтелкенің тығынындай ұшады. Айдаладағы Калифорнияда не жұмыстарың бар ей?

Қазақтар ішкі ісімізге араласты деп сотты болып жүрмейік.

Маған қызығы анау Мұзарттың әншісінің елдің көзінше келініне қалың малға деп 5 млн теңге бергені еді. Мақтаныш па, әлде жақында қызын күйеуге береді ме? Болашақ құдаларына сигнал.

Әйтеуір қалыңмал бағасын көтеріп кетті.

Жарайды деп отырғанмын. Бес млн болса болсын деп. Енді сол Сәкен ұлының тойына онлаин қатысуға болады, сол үшін тіркеліп, ақша аударуға тиіс екенбіз.

1300 теңге ме, сол шама. Бұлар қуады. Салат жемейміз, фанта ішпейміз, билемейміз онда несіне тойға барамыз?

Әй Мұзарт-ай. Ұят болды ғой мыналарың.

Мен онлаин тойға бара алмаймын. 1300 теңге қалтада қалады деген сөз.. Сол күні офлаин той болады. Сол жерден живой окорочка жемеймін бе?

Енді , алғашқы неке түніне онлаин қатысуға билет сату ғана қалды. Онда Мұзарттың бір өлеңін тыңдамаймын.

Онан да Шымкенттің салқын сырасы ман Ұйқым келмейдіні қайталап тыңдап отыра беремін” деп жазды Сұлтан Сүлеев.

Фото көрнекілік үшін.