Нұрғанат Ғайыпбаевқа қатысты тың дерек шықты

0
255

Талғарда 8-желтоқсан күні мүрдесі табылған Нұрғанат Ғайыпбаев өзбекстандық келіншекпен азаматтық некеде бірге тұрып жатқан.

Бандылардың пышақ жарақатынан қайтыс болған Шерзат Полаттың нағашы ағасы Нұрғанат Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында жұмыс істеген.

Шулы оқиғаға дейін жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеген Ғайыпбаев соңғы кездері бос жүрген. Талғар трагедиясынан кейін үнемі тергеуге қатысып, беттесумен уақытын кетірген Ғайыпбаев бейіттің жанына өзінің көлігімен барған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Полиция мен жедел жәрдем оқиға орнына жеткенде Нұрғанат жерде арқасымен жатқан. Ал оның жанында кабель тұрған. Марқұмның мүрдесін полициядан туыстары тапқан.

«Белбұл ауылындағы»Тенгри Парк» коттедж қалашығында тұрған. Әйелі Дильфуза есімді Өзбекстан азаматшасы. Балалары жоқ, қазіргі сәтте жұмыссыз. Бұрын Еңбекшіқазақ аудандық жедел жәрдем қызметінде фельдшер болған», — делінген полицияның сипаттамасында.

Еске салайық, 8-желтоқсан күні Шерзаттың 30 жастағы нағашы ағасы Нұрғанат Полат өлі табылды. Ол 4-қазан күні Талғарда орын алған трагедияның куәгері, төбелестің бел ортасында болған. Інісін пышақтаған бандалық топтың аяусыз әрекеттерін көзімен көрген және өзі де жарақат алған.

Фото дереккөзден алынды.