Нұрлан Албан: “Ислам – сенің балаң ғой, шеше”

0
244

Белгілі әнші Нұрлан Албан мектеп бітірген ұлы Исламмен бірге анасының басына барып, құран бағыштады. Олар сол жерде тұрып, әлеуметтік желіге арнап видео түсірген.

«Мінекей – әжесінің ұлымен бірге тұрмын. Шеше-ау, Исламың келді. Исламың келді! Құдайға шүкір, ұлыңның бойы менен биік. Үлкен жігіт болды. Бірақ бізде сен жоқсың. Исламың сені ұмытпайды. Ислам – сенің балаң ғой, шеше. Жатқан жерің жайлы болсын! Рухың көкте шалқысын. Исламыңды бүгін мектеп бітіріп жатса да олимпиадаға алып бара жатырмын, шеше. Бақұл бол!», — деді Нұрлан Албан.

Желі қолданушылары оның бұл әрекетін әртүрлі қабылдаған.

Олар: «Соны камераға айту керек па?», «Анаңыздың жаны жәннәтта болсын!», «Көңілім босап кетті ғой…», «Исламға ақ жол!» деп жазды.