Нұрлан имам айтқан өз сөзі үшін түсінік берді (ВИДЕО)

0
1093

Әлеуметтік желідегі парақшасында Нұрлан имам оқушылардың жұма намазға бару-бармауы туралы айтқан өз сөздеріне қатысты түсінік берді деп жазады Democrat.kz.

“Мен мектеп басшысының арнайы өтінішімен оқушылармен кездескенімде, “мектеп баласына жұма намазына барудың керегі жоқ” деген едім. Олай айтуымның себебі – оқушы сабақтан қашып, жұманы сылтау етіп сұранып, не мешітте, не үйде жоқ, көшеде қыдырып, нәтижесінде бір жағдайларға ұшырап қалған жайттар бола бастады.

Менің “оқушы жұмаға бармасын, арабтың баласы да жұмаға бармай сабақ оқиды” деген сөзімді терістеу үшін кейбіреулер табанын тоздырып араб елдерінде жұма күні мектеп есіктерін қағып жүр екен.

Мен қазақтың баласының иманымен қосып, білімді, сауатты болып, ұлты мен еліне деген дұрыс сенімде болғанын қалаймын. Ата-бабамыз аңсаған сауатты ұрпағымыз болуы керек. Егер бала жұмаға барам деп сабақтан қаша берсе, сұрана берсе, онда бала  басқа сабақ күндерінде де басқа сылтау айтуға әдеттене бастайды”, – деген Нұрлан имам оқушы үшін ең бірінші орында білім алу маңызды екенін баса айтты.

Фото интернеттен.

@qazaqimam

♬ original sound – qazaqimam