«Нысаналы мектеп» жобасы — талай мектептің сорын қайнатпай ма?

0
921

Балаға «3» қоймайтын мектеп «нысаналы мектеп» деген министрліктің өзі де түсінбейтін дүниесінің экспериментінен аман болады екен…

Бала аузын ашқан сайын 10 балл қоятын мұғалімдер, біріншіден, балаға Халық банкінен әр он балға 100 теңге алуына мүмкіндік жасап, баланы байытады, екіншіден, «нысаналы мектеп» деген «полигоннан» аман қалады…

Менің балаға шын білім беріп, шын бағалағаным әдірем қалды.

Бұны мен ойдан шығарып отырған жоқпын, белсенді әріптестеріммен «нысаналы мектеп» дегеннің нұсқаулығын талдай отырып түсіндім. 1045 бетті оқи отырып, күліп, басымды шайқап отырмын. Бір жерде ҰБТ нәтижелері депті…

Материалдық-техникалық жарақтандыру депті… Құдай-ау, үстімізге киіп келген киімнің үкі-түкісін шығаратын парталарға отырғызып қойып, қайдағы техникалық жабдықтау? Біз айтсақ, жоғары жақ директорларды қыспаққа алады. Олар ақшаны қалтасынан құя ма?

Енді мұғалімді «жақсарту» үшін қойған сұрақтарын алдыңғы постыларыма жаздым.

Сонымен Гани Бейсембаев мырза мұғалімдерге «нысаналы мектептен» «құтылу өз қолдарыңда» деп отырған сияқты.

P.S. Негізі бар ғой, былтырғы атышулы «отыз сегіз» биыл нысаналы мектептің «полигонында» жүр…

Айнұр САБЫР, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.