«Нысаналы мектеп» жобасындағы қате сұрақтар мұғалімдердің басын қатыруда

0
802
“Нысаналы мектеп” жобасының сұрақтарына (4-модуль ұмытпасам) берілген дұрыс деген жауабы мүлде қате.
Сұраққа назар аударыңыздар,  Б.Майлиннің әйгілі “Шұғаның белгісі” хикаятының (зерттеген ғалымдар оқиғаның комп. құрылымын талдап тастаған) композициялық құрылымын сұрайды да, басталуынан кейін “шығарманың байланысы” дейді, қате осында тұр.
Шығарманың байланысы емес, дұрысы шығармадағы “оқиғаның байланысы” болуы керек. Ал сұраққа берілген дайын жауап та мүлде қате: жазушының әңгіменің кіріспесіндегі баяндау сөзін оқиға ретінде көрсетеді. Дұрысы:
1. Оқиғаның басталуы:
— Абдрахманның Есімбектің ауылына келуі:
2. Оқиғаның байланысы:
— Шұғаның сықырлауықтан сығалауы
3. Оқиғаның дамуы:
— Шұға мен Абдрахманның тойда жолығуы, хат алысуы
4. Оқиғаның шиленісуі
— Абдрахманға жала жабылып айдалып кетуі
5. Оқиғаның шешімі:
— Шұғаның күйзеліске түсіп, аурудан қаза болуы
Композициялық құрылымда сипатталған кіріспе оқиға емес, баяндау, оқиғаға дейінгі жағдай айтылады. Оқиға жоқ жерде құрылым болмайды, оқиға байланыспайды.
Ал осы сұраққа дұрыс деп берілген жауап (төменде суретте) мүлде қате. Осындай жауаппен мұғалімнің басын қатыруға бола ма?! Мынаны фото- суреттегідей оқушыға түсіндірген мұғалім оқушыны жаңылдырып, сауатсыз жасайды ғой.
Бұған Айман Актан,Береке Жумакаева сияқты ғалымдарымыз не дер екен?! Бейімбетті зерттеген ғалымдар да “Шұғаның белгісі” хикаятын осылай талдайды.
Жетписбай Койшыгулов, аға Сіз не дейсіз?Асқар Алтай аға, біздің кезімізде оқыған теорияны ұмытпаған шығарсыздар.
Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.