“О дүниедегі хор қыздары деген – басқа зат” дейді шығыстанушы

0
2307

Журналист Жанар Байсемізоваға сұхбат берген шығыстанушы Санжар Керімбай о дүниедегі хор қыздарына қатысты айтты деп жазады Democrat.kz.

Неге діндарлар “о дүниеде еркектерді хор қыздары күтіп алады дейді? Әйелдерге о дүниеде ештеңе жоқ па?” деген журналистің сұрағына Санжар Керімбай:

“О дүниеде не сыйлық күтіп тұрғанын біз білмейміз. Хор қыздары деп адамның осы дүниеде көзге елестете алатын, қызықтыра алатын форматтағы заттарды айтады. Ал о дүниеге өткенде, хор қызы дегеннің мүлде басқа зат болып шығуы әбден мүмкін. Солай болады да” деп еркектер қоғамдағы бүкіл ауыр жүкті арқалайтынын алға тартып, сол үшін о дүниеде ерекше мәртебеге ие болатынын түсіндірді.