«Оған сендердей сорлылардың өресі жетпейді» дейді журналист

0
291

Қайыршы, кедей, сорлы, бейшарамыз… Ішім ашып келеді. Париж олимпиадасындағы нәтижені білесіз. Одан кейін жағдайды қалай түзейміз деп шыр-пыр болып жүрміз.

Сөйтіп, неге еліміздің намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырына көтерілген жерлестеріміз туралы комикс кітаптар шығармасқа деген идея келді.

Жастар мен жасөспірімдер үшін керемет мотивациялық құрал. Спортшыларымызға да жақсы қолдау. Оның үстіне, бұндай бастама әлемде бұрын-соңды болмаған.

Сөйтіп, суретшілер мен авторлардың басын қосып іске кірістік. Жобамызды спорт қоры да қолдайтын болып, ауызша келісімін алдық. Процесc сәтті жүзеге асып жатқан.

Енді аяғына келгенде әлгілер сөзден секіріп жатыр. Тығырыққа тірелдік. Жарайды, ақша бермей-ақ қойыңдар. Мен өзім-ақ көлігімді сатсам да, телефонымды сатсам, тіпті, несие алып болсын, осы жобаны соңына дейін жеткіземін.

Оны біреуге дәлелдеу үшін емес, қазақ балалары үшін керек нәрсе болғасын соңына дейін барам. Бірақ, оны сендер, сорлылар, түсінбейсіңдер. Өрелерің жетпейді.

Ең ішті ашытқаны – «кітап не үшін қажет?», «кітаптың спортқа не қатысы бар?», «кітап спортты қалай дамытады?» дегені. Оны тағы орысша араластырып жеткізеді.

Жыл сайын дәл осы қордан қайдағы жоқ клубтарға, әсіресе, сол клубтардағы легионерлерге ондаған млрд теңге шығады. «Барыс» хоккей клубына 8 млрд теңге, «Астана» футбол клубына 4 млрд теңге, «Астана» велоклубына 5 млрд теңге, «Астана» баскетбол клубына 1,2 млрд теңге деп кете береді.

Біздің білмейтініміз қаншама?! Ай сайын 30-40 млн теңге алатын келімсектер бар. Тіпті, оларды елдеріне қайтарғаны үшін де жүздеген млн теңге өтемақы төлеп жатсыңдар.

Барлық ақша шетелге шығуда. Соларға неге айтпайсыңдар «нахрена қажетсіңдер» деп. Дым иделогия жоқ. Дым даму жоқ. Дым намыс жоқ. Нағыз сорлымыз. Нағыз бейшарамыз.

Біздің елде осындай халықтың ақшасын ауаға шашатын қорлар барында және оның басы-қасында орысша сөйлейтін, орысша ойлайтын, қазақ деп жүрегі соқпайтын мамандар барында ешқашан оңбаймыз.

Оларға отандық спорттық болашағы керек емес. Тек қана миллиарттарды далаға шашып, есебін тыныш жауып, сытылып кету маңызды. Солдардың кесірінен бүгінге дейін сорлы болып келдік.

Сорлы болып қала береміз де. Қазақтың нағыз жанашырлары қайыршының күйін кешеді. Олар қазақтың елінде қазақтың баласына болсын дегені үшін ауыздары әбден ұрылып, бастары тасқа соғылу керек.

Әлгілерге олардың қайыршы, яки, кедей болғаны тиімді. Мейлі. Көзімнің тірісінде қолдан келгенше жасап кетем. Басымды кесіп алғанша тоқтамаймын.

Өйткені, сол спортшылардың жай-күйін өте жақсы білемін. Әлгі суретшілер мен қаламгерлер де, бәрі қазақтың баласы бола тұра қазақтың елінде өлместің күнін кешіп жүр.

Бірақ, сіздерге қарағанда бізде сана бар. Жүрек бар. Рух бар. Олар материалдық дүниеден әлдеқайда мықты. Бізден қызғанған тиын-тебендерің өздеріңе садақа.

Желкелеріңнен шықсын. Легионерлердің желкесінен шықсын. Қаншалық кедергі болса, соншалық күшейе береміз. Мәңгі қайыршы, кедей, сорлы, яки, бейшара болмау үшін күресе береміз…

Аслан Каженов, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.