“Өкіріп, өксіп жыладым” деген Баян Мақсатқызы басындағы ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)

Қызы Айсәулемен әңгімелесу барысында танымал продюсер Баян Мақсатқызы басынан өткен өте ауыр жағдай туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
“Тайландқа демалуға кеттік. Бәрі жақсы болатын. Алайда сол жақта жүргенімізде қаралы хабарды алдым.
Әкем қайтыс болыпты. Бәрін тастап жаназаға кеттік. Жаназада да, әкемді жер қойнына тапсырған соң да, тіпті бірнеше күнге дейін көзімнен бір тамшы жас шықпады.
Жаназа рәсімдері бітіп, ұшаққа отырып қайтар кезде… иә, сол кезде отырған орнымда өкіріп, өксіп жылап, өзімді тоқтата алмадым.
Тұрсын да менің жағдайымды түсініп, мені жалғыз қалдырып, шығып кетті.
Бизнес класста жалғыз өзім Алматыға жеткенше тоқтаусыз жылап келдім.
Әйтсе де, ұшақтан түскен соң, ештеңе болмағандай қалпыма түстім” деген Баян Мақсатқызы әкесінің қазасын жарты жылға жуық уақыт мойындай алмағанын, қабылдай алмағанын айтады.
Фото интернеттен.
@e1am4n