«Оқулыққа миллиардтап ақша шашудың қажеті жоқ» дейді белсенді мұғалім

0
171

Кітап секілді оқулық шығару да қып-қызыл бизнес көзі. Сол себепті болса керек, Қазақстандағы оқулықтарды жаңарту жұмысы тоқтаусыз жүретіні. Бюджет қаражатын оқулық шығаруға миллиардтап шашқанша, басқа жолын қарастырсақ қайтеді деген ұсынысын шығысқазақстандық мұғалім Мейіржан Темірбек әлеуметтік желіде жариялады деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Қазақстан ұлттық арнасы мектептегі кітаптар жайлы мәселе көтерген екен. Кітап шығару — бұл бизнес. Кейбір ғылым салалары заман ағымына сай 1 жылда немесе 5 айда ескіріп қалады. Мысалы цифрлық сауаттылық пәніндегі былтырғы шыққан кітаптағы материалдар ескіріп қалды десек те болады. Компьютерлік бағдарлама ай сайын тіпті апта сайын жаңартылып отырады десек те болады.

Сондықтан біреудің қалтасын қампайтып оқулыққа оңды солды ақша шашқаннан гөрі цифрлық оқулықтар мен контенттерді дамытқан дұрыс шығар. Өріп жүрген қателіктер мен тапсырмалар, әлі шешімін таба қоюы екіталай.

Ешкімнің құлақ асуға немесе бұрынғы үрдісті бұзуға шамасы келмейді не құлқы жоқ. Ернур Дауенов Білім сапасын сырттай бақылау департаментінің өзі кейбір құжаттар электронды айналымда болғанның өзінде қағаз бен электронды нұсқасын қайта шығаруды талап етеді, заман ағымына сай цифрлық құжат дейміз, бірақ қазіргі қолданыстағы кейбір нормативті құжаттардың өзі ескіріп мұғалімдерге қол байлау мен қағазбастылыққа көміп отыр.

Қазір 3 сынып бойынша кітаптар қоғамдық талқылауға қойылған. Өкінішке қарай бұрынғы кеткен қателікті қайта қайталап отыр.

Мысалға цифрлық сауаттылықты алайық. 1 сыныптан бастап жүреді, оқушылар балабақшада компьютерді меңгеріп келгендей басталып кетеді, қайда негізгі базалық курс?” дейді Мейіржан Темірбек өз жазбасында.

Сіз қалай ойлайсыз, электронды оқулық мәселесін қолға алатын уақыт келді ме? Әлде дайын емеспіз бе?

Фото ашық дереккөзден алынды.