Оқушы бала Президент Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде видеосы тараған оқушы бала Президент Тоқаевтан көмек сұрады деп жазады Democrat.kz.
“Құрметті Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы! Менің атым – Қасенов Темірлан. №144 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысымын. Менің анам қоғам белсендісі, бала құқығын қорғаушы.
Ол №67 мектептің асханасында балаларға қалдық ас берген мәселені көтерген болатын. Осы жағдайдан кейін мен оқитын мектептің директорына жан-жақтан қысым жасау үдеді. Директорымызға жасалатын қысым тоқтауы үшін мен басқа мектепке ауысуым керек.
Алайда оқу жылының соңы болғандықтан, мен басқа мектепке ауыса алмаймын. Жеке мектепте оқуға шамам келмейді. Құрметті Президент, маған көмектесуіңізді сұраймын. Анамның белсенділігі үшін, түрлі шенді-шекпенділердің арасындағы лас интригалар үшін неге мен жапа шегуім керек?” деген оқушы бала шарасыз қалғанын айтады.
Фото видеодан скринделді.
@bai_media Қысымға ұшыраған бала Президенттен көмек сұрады #тоқаев #президент #казахстан