Оқушы мен мұғалім жанжалдасқан

0
1226

Жамбыл облысында жетінші сынып оқушысы математика мұғалімімен жанжалдан кейін медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы Democrat.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Аталған ақпарат туралы желіде оқушының ата-анасы жазды. Видеоның сипаттамасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы мектепте жасөспірім математика пәнінің мұғалімімен сөзге келіп, ашуға булыққан.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Осы жылдың 14 наурызында Мойынқұм ауданы білім бөліміне қарасты Айдарлы ауылындағы №2 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі мен 7-сынып оқушысы арасында жанжал туындап, нәтижесінде оқушының денсаулығы нашарлаған.

Сосын баланы алдымен мектеп медбикесі мен ауылдық дәрігерлік амбулатория дәрігері қарап, жедел жәрдем шақырған. Ішкі істер қызметкерлері жауапты тұлғалардан түсіндірме хат алды. Оқушы өзін жақсы сезінеді», — делінген хабарламада.

Мән-жайды анықтау үшін білім басқармасы комиссия құрып, ішкі тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданып, жағдай білім басқармасының қатаң бақылауына алынды.

Фото ашық дереккөзден алынды.