Оқушы сабақ үстінде көз жұмды

0
191

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды. Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының әрекетіне қарамастан мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», — деп түсіндірді ведомстводан.Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.