Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек?

0
179

Рюкзак салмағы оқушының дене салмағының 10–15%-нан аспауы тиіс, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «News.ru«-ге сілтеме жасап.

Педиатр Рамил Шахвеледовтың айтуынша, егер баланың салмағы 30 кг болса, оның сөмкесі 3 кг-нан ауыр болмауы керек.

«Бұл омыртқаға және арқа бұлшықеттеріне артық күш түсірмеуге көмектеседі», — дейді дәрігер.

Рюкзак — мектепке қажетті негізгі құралдың бірі. Бірақ ауыр сөмкелердің денсаулыққа қаупі жайлы ұмытпау керек.

«Ауыр сөмке арқаның ауыруына, омыртқаның қисаюына және тіпті сколиоздың пайда болуына әкелуі мүмкін», — деп ескертті маман.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.