Оқушылар мұғалімсіз сабақ оқуды бастапты

0
263

«Будущее уже наступило» деген ұғым бар ғой. Әдетте жаңа технология шықса айтады. Соған ақырындап келе жатқан сияқтымыз. Лондондағы David Game College  биыл бір сыныбын мұғалімсіз етіпті. Яғни, сабақтарды мұғалім емес, жасанды интеллект жүргізеді.

Оның артықшылығы — білімді әр студентке жеке бейімдеп береді. Қай сабақтан әлсіз болса, соған көмектеседі. Қай сабақтан үлгерімі жақсы болса, оны ары қарай дамытуға жағдай жасайды. Бүкіл группаға бірдей білім деген жоқ.

Меніңше, осы дұрыс сияқты.

Студент — оқушы емес, оны бала сияқты тәрбиелеудің қажеті жоқ. Оған еңбек нарығында керек қабілеттерді үйрету керек. Жасанды интеллект соны жасайтын сияқты.

ЖИ өз өмірбаянын айтып отыратын, кітаптағыны лекцияға айналдыратын, магистратураны бітіріп, кафедрада қалып қойған мұғалімге қарағанда тиімді ұстаз болатын шығар. Осылай кете берсе, алдағы 7-8 жылда ЖОО-дағы білім толық цифрланады-ау, кейін универден адамдарды қысқартуы мүмкін.

Нұрмұхамед БАЙҒАРАЕВ, сарапшы.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.