Оқушылар олимпиадасындағы сауда мен жемқорлық
Facebook әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан ұстаздары» тобында аноним атпен бір жазба жарияланды деп хабарлайды Democrat.kz.
Жазбада желі қолданушы оқушылардың олимпиадасындағы былықтар мен жемқорлық туралы ақпараттар берген. Жазба авторының айтуынша, таяуда өткен мектеп оқушыларының олимпиадасында берілетін орындар сатылған.
Білім саласын тұтас жайлаған жемқорлық оқушылардың еңбегін сатуға дейін жайлағаны ма, бұл қалай? Назарларыңызға жазбаны өзгертусіз ұсынып отырмыз.
«Бүгін Қазақстанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңі басталды.
Олимпиада 15 қараша басталып, қараша айының аяғына дейін жалғасын тапқан. Зияткерлік байқауға Еңбекшіқазақ ауданынан сексен жетідей мектеп қатысып бақтарын сынаған болатын.
«Біз оқушыларымызды ынталандыру және болашақта олар өз білімдерін халықаралық олимпиадаларда көрсете алуына барынша жағдай жасау үшін әртүрлі деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) олимпиадаларды дайындап, өткіземіз. Бірақ…… Еңбекшіқазақ десем, аздық етеді Алматы обылысында бұл «олимпиада» қып қызыл сауда.
Іріктеу кезеңі болмайды, ақшаң болса- өттің, жоқ болса- өштің….
І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен жайы мен сыйы барлар марапатталады. «Жоқ, өзім маңдай теріммен өттім» десеңдер, шығыңдаршы!
Естеріңізге сала кетейік, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша жүлделі орынға ие болған оқушылардың «апайлары мен ағайлары» отырған аудандық кезеңінің әділқазыларының тізімін саламын. (тізім фотоларын сілтемеге өтіп көре аласыз)
Өз оқушысы қатысады екен, «әділ қазыларды» ауыстырсын онда.
«Дарынды» оқушыларды анықтап, зияткерлік байқауын жандандырып еліміз бойынша дарынды оқушыларды анықтауға жол салып жатқан білім бөлімдері жоқ» деген жазба авторы Алматы облыстық білім бөлімін жіті тексеруге алуды сұрап, тиісті мекемелерді тегтеген.
«Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі 86 мектеп 197 балабақшаның білім бөлімінің жұмысшылырымен де тұтас мамандарымен де соттасып болды.
Мектеп директоры, директордың орынбасарлары қала берсін мұғалімдерді сотқа сүйреп әбігерге салуда. Ол ешнәрсе емес, өздерімен өздері қырық пышақ болып соттасып жатыр» деген автор тұтас облыстағы білім саласындағы былықты тексеруді сұрайды.
Анонимді автордың бұл жазбасына қатысты пікір жазғандардың басым бөлігі мектеп олимпиадасындағы жемқорлықтың кеше-бүгін пайда болмағанын, оқушылардың сағын сындырып, елдің ертеңіне балта шабылып жатқанын айтуда.
Бұл жазбаға қатысты тиісті мекемелер тексеріс жұмысын бастайды деп сенеміз. Министр болған сәтінде «Білім саласындағы жемқорлықты жоямын!» деп сөз берген Ғани Бейсембаев ең болмаса, осы жолы «мұзжарғыштығын» көрсетер деп үміттенеміз.
Мақаланы «бас мақалаға» шығардық. Мақсатымыз — анонимді автор жазса да, мына мәселені тиісті орган бақылауына алсын. Тексерсін.
Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.
Фото көрнекілік үшін.