Оқушылар уланған мектеп асханасы жабылды

0
169

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылындағы мектеп асханасына мөр басылып, жабылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, ауылға балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің қызметкерлері барған. Жалпы, 460 бала дәрігерге жүгініп, 377 оқушы үйінде емделген. 83 бала ауруханаға түссе, реанимациядағы екі бала бүгін палатаға ауысқан.

«Мектеп асханасы мөр басылып, жабылды. Бүгіннен бастап оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша бүкіл облыстағы мектеп асханаларына мониторинг жүреді», — деп хабарлады министрлік.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.