Оқушының оразасы туралы министр не деді?

0
348

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалар неше жастан бастап ораза ұстау керегін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz.

«Жалпы бала тез өседі. Ол энергиясын тез жұмсайды. Себебі, балада зат алмасу процесі жоғары. Сондықтан ол осы энергияны уақытында толтыруы керек. Мұны әрбір ата-ана түсінуі шарт.

Баланың уақытында және сапалы тамақтануы оның болашақта денсаулығына және адам ретінде дамуы өте маңызды», — деді Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында.

Министрдің пікірінше, балалар 17 жастан бастап ораза ұстағаны дұрыс.

«Менің ойымша, мұнда баланың жасына байланысты. Әрбір ата-ана баласына (ораза ұстауға) рұқсат етсе, бұл – оның шешімі. Мен белгілі бір жасқа дейін бала дұрыс тамақтануы керек деп ойлаймын.Менің ойымша, 16-17 жаста (ораза ұстауы керек)», — деді ол.

Фото ашық дереккөзден алынды.