“Өле қалыңдар!” деген журналист депутаттың ұсынысына қатысты пікір білдірді

0
859

Танымал тіл маманы Назгүл Қожабек депутат Ардақ Назаровтың “ажырасқан әйелдерге салық салу” туралы ұсынысна қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

“Ажырасқандарға салық салынсын” деген “идеяның” артында не тұрғанын айтайын ба?

Қазақта “отағасы” деген нәрсе бар. Оның орысшасы – ГЛАВА СЕМЬИ. Вот, бала-шағасын өзі бағып отырған әйел автомат түрде үйінің БАСЫ, БАСШЫСЫ, тоқетері – ОТАҒАСЫ болып шыға келеді.

Өйткені бала-шағаның бүгіні мен ертеңі, денсаулығы мен қауіпсіздігі, қайда тұрып, не ішіп-жейтіні, не киіп, қалай жүріп-тұратыны соның жауапкершілігінде. Отағасы деген – осыған жауап беретін адам.

Қазір Қазақстанда 400 мыңнан астам әйел ОТАҒАСЫ бар. Ал бұл кісілер әйелдің өйтіп, дәл осындай жолмен болса да, еркектерге теңескенін көтере алмайды. Көтере алмайды. Содан, әйелдің өйтіп шығандап кетуіне жол бермей, адымын аштырмайтын амал іздеу керек.

Бұлар бар ғой, бар отбасылардың тыныштығын, берекесін ойлап отырған жоқ. Бұлардың көзіне күйік – ажырасқан қатын. Қоғамның бар иттігінің айыбын солардың (БІЗДІҢ!) мойнына артып қоймақ.

Өле қалыңдар, БІЗ ӨЗ ҮЙІМІЗДІҢ ОТАҒАСЫМЫЗ!

Қайбір жылы парламентте айтылып қалған “Отағасының мәртебесі туралы” заң, яғни “Закон о статусе главы семьи” жазыла қалса, ол заңда біздің де мәртебеміз айтылады деген сөз” деп жазды Назгүл Қожабек.

Фото интернеттен.