Олимпиада: Біз білмейтін әсерлі оқиғалар (ВИДЕО)

0
206

Парижде өткен олимпиадада тек қана спорттық жарыс болмады. Спортпен қатар адами, бауырмалдық тұрғысынан да ерекше оқиғалар орын алған деп жазады Democrat.kz.

Төмендегі оқиғалар мен видеоларды қарап шыққан, бойында бір тамшы түркінің қаны бар адам бір ғана нәрсені еріксіз мойындайды. Қандай жағдай болмасын, Түркінің ұрпағын тіл, дін, спорт, саясат емес, бауырмалдық қана біріктіреді. Жайшылықта айтысып-тартыса береміз ғой. Ал түптеп келгенде, қаны бір бауырымыздың қуанышы да, қайғысы да — ортақ болатынын мына жағдайлар тағы бір дәлелдегендей.

Сіз білесіз бе, Қырғыз елінің боксшысы Мұнарбек Сейітбекұлы жаттықтырушысыз жарысқа қатысыпты. Белгісіз себептермен аккредитациядан өтпей қалған жаттықтырушысы Мұнарбектің ойынын алыстан тамашалауына тура келді.

Мұнарбек бірінші қарсыласымен жекпе-жекке шыққанда, жаттықтырушысыз, жалғыз шықты. Боксшыға қолдау жасап, түрлі тактикаларды айтып отыратын ешкімі болмаған. Алайда осы сәтте Өзбекстан боксшысының тренері суырылып шығып, Мұнарбекке қолдаушы — тренер болып, жәрдем етуге ұсыныс жасапты.

Бокс рингінде  Мұнарбекке жан-жақты ақылын айтып, қолдау көрсеткен өзбек тренері көмегін аямайды. Нәтижесінде Мұнарбек бірінші қарсыласын жеңді.

Өкінішке қарай, Мұнарбек келесі жекпе-жегінде жалғыз шықты. Себебі оның келесі қарсыласы әлгі өзбек тренердің шәкірті еді. Бұл сайыста Өзбекстан боксшысы жеңіске жетіп, алтын алса, Мұнарбек Қырғыз тарихындағы бірінші күміс жүлдегер атанады.

Келесі көңіл тебірентер жағдай ортақ түркі әлеміне байланысты өрбіді. Қазақтың айтыскер жігіттері бауырлас халықтардың олимпиададағы жеңістерін жырға қосып, Түркі дүниесін әнмен тербеді. Бұл әнді өзара бөлісіп жатқан Қырғыз-Өзбек ағайынның алғысында шек жоқ.

@user9581109758003

сонун ырдашыптыр Казак бир туугандар.

♬ оригинальный звук — Асылбек Токтосунов

 

Ал Бек Шматтың «Олимпиаданы қорытындылау» әні ТикТок әлемін шарлап, күллі Түркі халқын бір желпіндіріп тастады. Қазірдің өзінде бұл әнді  әлеуметтік желідегі қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, әзербайжан, түркімендер өзара бөлісіп, ыстық лебіздерін жаудыруда.

Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.