Олжас Бектенов: «2025 жылы азаматтардың қалған категориясын декларация тапсыру міндетінен босату туралы ұсынысын қолдаймын»

0
115

Қазақстандықтар келесі жылы жаппай декларация тапсырмайтын болды. Бұл туралы бүгін премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Үкіметі қарапайым халықты жалпыға ортақ декларациялаудан босатты. Келесі жылы қатардағы азаматтар табыс декларациясын тапсырмайды.

«Мен Қаржы министрлігінің ұсынысын, яғни, 2025 жылы азаматтардың қалған категориясын декларация тапсыру міндетінен босату туралы ұсынысын қолдаймын», — деді Бектенов.

Осылайша, жалпыға ортақ декларация кейбір санаттағы адамдар үшін ғана қалады.

Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев 8 миллион қазақстандықты (жекеменшік компаниялардың жұмысшылары, зейнеткерлер, үйде отырған адамдар, студенттер және тағы басқалары) активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырудан босатуды ұсынды. Оның айтуынша, халықтың табысы мен мүлкін мемлекеттік деректер базасынан көруге болады, қазір барлық жүйе цифрландырылған. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл ұсынысты қолдап, тиісті министрліктерге үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер әзірлеуді және Парламент қарауына енгізуді тапсырды.

Фото интернеттен алынды.