Олжас Бектенов: Президент Жолдауы қазіргі заманның шынайы талаптарына жауап беретін маңызды құжат

0
121

Премьер-Министр Олжас Бектенов Президент Жолдауы қазіргі заманның шынайы талаптарына жауап беретін маңызды құжат екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы – әрбір жолы қазіргі заманның шынайы талаптары мен сын-қатерлеріне жауап беретін маңызды әрі дер кезінде жарияланған құжат.

Президенттің Жолдауын сапалы іске асыру – біздің басты міндетіміз. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл мақсатқа экономиканың құрылымын өзгерту арқылы қол жеткізе аламыз. Салалардағы мұндай өзгерістер қазірдің өзінде тау-кен секторының үлесін азайтып, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ біз жоғары деңгейде өңделген өнім шығаруға басымдық беретін боламыз», — деді Үкімет басшысы.

Айтуынша, бұл саланың әлеуеті үлкен.

«Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктер барынша көңіл бөлуі тиіс проблемаларды нақты белгілеп берді. Барлық мемлекеттік орган Президент айтқан тапсырмаларды жан-жақты пысықтап, қойылған міндеттерді шешудің нақты жолдарын айқындауы қажет.

Бұл ретте біз бюджет қаражатын оңтайлы жұмсауға барынша көңіл бөлуіміз керек. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету бағытында жұмысты едәуір күшейту қажет. Жолдауда инвестициялық ахуалды жақсарту, елдің өнеркәсіптік әлеуетін ашу, инфрақұрылымдық проблемаларды шешу жөніндегі мақсаттар көрсетілген», — деді Олжас Бектенов.

Фото интернеттен алынды.