Өмір Шыныбекұлы: “…кезінде дабыл қағып едік”

0
436

Қазір тіл деп шулап жатқандар бұрын қайда қалды? 2017 жылы министр Е.Сағадиевтің тұсында білім саласына үштілділік деген енгізілгенге дейін орыс тілді қазақтардың басым бөлігі балаларын қазақ сыныптарына беретін.

Сол арқылы өздері де қазақша үйрене бастаған еді.

Тіпті мен жұмыс істейтін секілді аралас мектептердің өзінде өзі мен балаларының болашағын Қазақстанмен байланыстыратын орыс, өзбек, түрік және т.б. ұлт өкілдері – ата-аналар балаларын қазақ сыныптарына бере бастаған еді.

Сол кезде біраз адам дабыл қақты…

2017 ж. 25 шілде күні “Жас алаш” газетіне “Тамыз кеңесіне тамызық” атты мақала жариялап, “үштілділік” дегенді абайлап ендірмесе салдары ауыр болатынын ескертіп, біз де дабыл қаққанбыз..

Өкінішке қарай, қоғамның енжарлығы мен мұғалімдердің қорқақтығының кесірінен әлгі бағдарламаға серпінді қарсылық көрсетілмей, еніп кетті.

Үштілділік саясаты 2-3-ақ жылда өз “жемісін” бергені сол, тұрғындарының 99,9%-ы қазақ “Нұрсәт” мөлтекауданының аулаларында ойнап жүрген балалар орысша шүлдірлеп шыға келді..

Қазақ мектебінің екінші сыныбында оқитын немерем мектептен орысша сөйлеп келеді
Ары қарай не болады?
“Қазақша сөйле” деп, қашанғы үйдегі балаларымыздың аузын қағып отырамыз?

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, білікті ұстаз.

Фото интернеттен.