Он үш күн бойы тоқтамай түшкірген әйел әбден қиналды (ВИДЕО)

0
326

Әр секунд сайын тоқтамай түшкіру. Елестетіп көріңізші. Не тамақ жей алмайсыз, не ұйықтай алмайсыз ғой, солай ма? Дәл осындай жағдай түркиялық келіншекті екі аптаға жуық уақыт азапқа салды деп хабарлайды Democrat.kz.

Түріктің ақпарат көздерінің хабарлауынша, Батман қаласының тұрғыны әп-сәтте түшкіріп, пысқырып азапқа түскен.

Бірнеше рет дәрігерге барғаннан пайда болмаған. Түрлі дәрі-дәрмекті ине арқылы құйғаннан түшкіруі басылмаған.

24 жастағы Беназир Айдынның соңғы күндері жағдайы тіпті нашарлай бастаған. Туыстары әлеуметтік желілерге шығып, Түркия денсаулық министрлігінен жәрдем сұрады.

Нәтижесінде бүгін Беназирге тағы да дәрілер егіліп, түшкіруі басылыпты.

Десек те, Беназирдің бұл дертінің себебін түрік дәрігерлері әлі таппады.

Фото интернеттен көрнекілік үшін алынды.