«Ордабасылықтар» төбелесіп қалды

0
78

Шымкенттік «Ордабасы» жастар командасының ойыншылары Қазақстан екінші лигасының матчында бір-бірімен төбелесіп қалды деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.  

Футболдан Қазақстан екінші лигасының 8-турында «Ордабасы» жастар командасы «Оңтүстік» ұжымына қарсы ойнады. Матчтың 88-минутында «Ордабасының» қақпасына үшінші гол кіргеннен кейін команда ойыншылары өзара төбелесіп қалды.

Нәтижесінде Тұрар Еркінбек, Рысдәулет Аманбай, Шерхан Асанбек алаңнан қуылды. Кейін шымкенттіктер тағы бір гол жіберіп алып, 4:0 есебімен жеңіліске ұшырады. Айта кетейік, қазір «Ордабасы» жастар командасы екінші лиганың кестесінде 13 ұпаймен 6-орында келеді. Ал «Оңтүстік» ұжымы 14 ұпаймен 5-орында тұр.

Фото интернеттен алынды.