Орскіде жағдай тұрақтала басталды

0
44

Орск қаласындағы су бөгеті қалпына келтірілді. Ресейдің төтенше жағдайлар министрі тасқын салдарын жою жұмыстарын бағалау үшін бүгін Орскке барды.

Мұнда жағдай тұрақталып келеді. Түнде қалада судың деңгейі 30 сантиметрге азайған. Мұнда бір апта бұрын дамба жарылған еді. Соңғы мәлімет бойынша бөгеттің бүлінген жерлері қалпына келтірілген. Қазір үйлерден суды шығару жұмыстары жүріп жатыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.