Орынбордағы Орал өзені сәт сайын суға толуда

0
79

Орынбордағы Орал өзеніндегі су деңгейі жарты метрге дейін көтерілген деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Орынбор қалас мэрінің орынбасары Алексей Кудинов Орал өзенініндегі су деңгейінің бір түн ішінде 50 см.-ге көтерілгенін айтады. “Оралдың су деңгейі сәт сайын көтерілуде. Түні бойы кезекшілік өтті”,-дейді ол.

Ал гидрологтар Орал өзенінің су деңгейі алдағы тәуліктерде 30-70 см.-ге дейін көтерілуі мүмкін деп болжап отыр. Кешегі түнде 300-ден астам үй су астында қалған. Қазіргі кезде 200-ден астам үйге су астында қалу қаупі төніп тұр.

Фото ашық дереккөзден алынды.