Орыс тілін дамытуға қаржы бөлуді сұрады

0
64

Ресей президенті Владимир Путин Ресей үкіметіне орыс тілін ілгерілетуге халықаралық бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайтуды тапсырды. Бұл туралы ол Жолдауында айтты, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

«Ресей араб мемлекеттерімен бұрыннан жақсы қарым-қатынаста. Олар бүгінде қарқынды дамып келе жатқан Солтүстік Африкадан Таяу Шығысқа дейінгі ерекше өркениетті білдіреді. Біз араб достарымызбен жаңа байланыс нүктелерін іздеуді, серіктестіктердің барлық кешенін тереңдетуді маңызды деп санаймыз. Біз Латын Америкасы бағытында да солай жасаймыз. Үкіметтен орыс тілін және біздің көпұлтты мәдениетімізді ілгерілету саласындағы халықаралық бағдарламаларды, ең алдымен ТМД кеңістігінде және жалпы әлемде қаржыландыруды ұлғайтуды сұраймын», — деді Путин.

Фото ашық дереккөзден алынды.