“Өстіп жүріп бәлеге ұрынасың…”деген Айнұр Тұрсынбаева ескерту жасады

0
842

Қазақстандық танымал ақын және өнер адамы Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде өз парақшасында сөздің киесі мен оның адам тағдырына әсері туралы пікір білдірді. Ол қазақтың бірқатар танымал тұлғаларының өмірін мысалға келтіре отырып, сөздің күшін атап өтті.

Ол өзінің жазбасында қазақтың белгілі спортшысы Денис Теннің трагедиялық өліміне тоқталды. Денис Теннен бір сұхбат кезінде “спортта қаншаға дейін жүресің?” деген сұрақ қойылғанда, ол “25 жасқа дейін” деп жауап берген екен. Бірақ Денис Тен 25 жасқа жетпей, қаза тапты.

Сондай-ақ, ақын Оразалы Досбосыновтың өлеңдеріндегі өсиеттерді еске ала отырып, оның да 29 жасында қайтыс болғанын атап өтті. Ол өз өлеңінде:

“Атым Ораз болғанмен,
Отыздан жасым аспаған…”

деген сөздермен өмірінің ерте аяқталғанын еске салды.

Ақын әрі айтысшы Асылбек Ищановтың соңғы айтысындағы сөздері де ерекше орын алды. Ол:

“Оразалының жолын бер”

деп жырлаған болатын. Бірақ көп ұзамай Асылбек Ищанов та жол апатынан қаза тапты.

Айнұр Тұрсынбаева осы жағдайларды мысалға ала отырып, адамдардың көбінесе сөздеріне мән бермей, ашу үстінде артық сөздер айтып жататынын айтты.

“Біз көбінесе сөзге мән бермей жатамыз. Әсіресе, ашулансақ, балаларға ұрыссақ артық кетіп қаламыз. “Өстіп жүріп бір бәлеге ұрынасың, суық тиіп өлесің, оқудан шығарып жібереді, адам болмайсың, енеңнен таяқ жейсің, басыңды асырай алмайсың” деген сияқты артық сөздерді айтып жібереміз. Исламда “жақсы сөз сөйле, болмаса үндеме” деген xадис бар. Ендеше жақсы ойлап, тек қана жақсы сөз сөйлеп үйренейік. Сонда бәрі де жақсы болады..!, – деп жазды ол.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)