Осыдан кейін «текті халықпыз» деп айта аламыз ба?

0
42

Менің үш балам да адамдарға қызмет көрсету орындарында жұмыс істейді. Жұмыстан келген соң үшеуінің де әңгімесін тыңдаушы менмін. Шәй-тамағын беріп отырғанда жұмыста орын алған келеңсіз жағдайларды айтып береді.

Тыңдап отырып, кейде күлем, кейде кейимін, кейде ойланып қалам. Көбінесе өз қазағымның жасаған қитұрқы әрекеттеріне қарным ашады. Қазақ десең, тағы өзіме тиеді ғой. Іштей налып қалам.

Үш баламның айтып бергенінен үш мысал келтірейін. Өздеріңіз таразылай жатарсыздар…

Үлкен қызым турагенттікте және дәріханада істейді.

— Алдында бір аға рецептпен келіпті. Жазылған дәрілерін қарасам, арасында бір дәрі бізде жоқ екен. Бірақ аналогы бар. Соны өзіне, “аға, мына дәріңіз жоқ. Бірақ орнына құрамы тура сондай мынадай дәрі бар. Аласыз ба? Алмасаңыз, басқа дәріханадан сұрап көріңіз” дегенімде, “иә, бере бер соны” деген болатын. Содан 2 күн өткен соң, бүгін бет-аузы көнектей, қып-қызыл боп ісіп келіпті. Келе сала, әй жоқ, шәй жоқ ашуға мініп, “әй, қыз, мен сені сотқа берем! Мына берген дәрің аллергиямды қоздырып жіберді” деп боқтай жөнелді. “Ой, аға, оны маған емес, рецепт жазған дәрігеріңізге айтыңыз. Сосын мен “аналогын аласыз ба?” деп сұрадым өзіңізден. Сіз келісіп алып кеткенсіз” десем, бой бермейді. Аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып, айтпағаны жоқ. Охранникті шақырып, зорға шығарып жібердік. Ал, сосын кешке дейін аяқ-қолым дірілдеп, нервім ауырмасы бар ма,- деді жыларман болып.

Ұлым Скатта бортсерік боп істейді.

— Осы Атырау, Ақтаудың халқы дорба-дорба асынып, қайда көшіп жүреді екен?! Алматыға келгені де, Алматыдан кеткені де пакет-пакет бірдеңе тасып жүреді ары-бері. Ручная кладьтары сыймайды, айқай-шу, азан-қазан болады самолетта. Өздері тағы өте грубо сөйлейді ғой, “әй бала, сал мынаны, бері кел, ананы бүйт! Су әкел маған!” деп дікең-дікең етеді. Сол екі рейсті жек көрем. Ақтаудан Алматыға қондық. Барлық жолаушылар түсіп жатты. Сізбен жасты бір тәте аяқ киімін ауыстырып отырған. Салонның артқы жағында қарап тұрдым. Бір уақытта еңкейіп аяқ киімін киіп отырып, орындықтың астындағы спасательная жилетканы ала салып, пакетіне тығып жіберді. Ол 300$ тұрады. Қасына жақындадым да, “тәте, оны не істейсіз? Орнынан қойыңыз” дедім ақырын ғана. “Ой!” деді де, лақтыра салып, шығып кетті. Кеше Бахрейнге барып, қайта кері қайттым ғой. Арабтардан кейін ұшақта бір де бір қоқыс жатпайды. Олар өз қоқыстарын пакетке салып, өздерімен алып кетеді. Мәскеу мен Питерге ұшсақ та солай. Ұшақ тап-таза болады. Ал, қазақтармен бір жаққа ұшып барып келсек, ұшақтың малын шығарып кетеді ғой. Байғұс клининг өліп тазалайды сосын. Біреулері балаларының памперсін тастаса, біреулері құсып кетеді ғой. Неге қазақтар қоғамдық орындарда өздерін ұстай алмайды екен? — деді ұлым кейіп.

Кенже қызым Сулпакта сатушы боп істейді.

— Кеше бір тәте келіп телефон алып кеткен. Мен сатқам. Бүгін келіп, “мына телефондарың маған ұнамады. Басқасына ауыстырып беріңдер” деді. Бірақ кеше алып жатқанда мен, “телефонға симка салсаңыз, ауыстыра алмайсыз. Ол уже пайдаланылған болып есептелінеді” деп ескерткен болатынмын. Соны айтып едім, “заң бойынша сендер 14 күн ішінде ауыстыруларың тиіс” деп айқалады. “Тәте, симка салып қойыпсыз. Барлық приложениені жүктеп тастапсыз. Ауыстыра алмаймыз” десем, “ұятсызсыңдар! Орыстар болсыншы, ләпілдеп, айтқанын істейтін едіңдер! Қазақ момын болған соң, осылай білгендеріңді істейсіңдер! Бла-бла!” деп бақырып кетті. Үндемей бетіне қарап тұрдық. Кеткен соң, “момын қазақты көрсем, көзім шықсын” дедім ғой,- деді қызым күліп.

Біз қашан түк көрмеген, жабайы халыққа айналғанбыз, а?! Үш оқиғадағы “аға-тәтелердің” менің балаларымдай ұл-қыздары бар шығар үйлерінде…

Төлжан ИМАНАЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.