«Осылайша мұғалімді құлша жұмсай бер» дейді білікті ұстаз
Семейдегі шыршадан құлаған мұғалімге қатысты әріптестері түрлі пікір білдіруде. Танымал, белсенді ұстаз Сұлтан Сүлеев те осы оқиғаға қатысты өз пікірін парақшасында жариялады деп жазады Democrat.kz.
Жазбасында білікті ұстаз мұғалімдердің қазіргі жағдайына тоқталып, Семейдегі оқиға туралы ойын да бүкпесіз айтады. Семейдегі оқиғаның себебі мен салдарына тоқталған Сұлтан Сүлеев:
«Мектеп мұғалімдерін шырша құруға жіберген үш директорға қатаң шара қолданылды дейді. Мыналар не жеген өзі?
Директорлар ешқашан қаланың шыршасын құруға мұғалімдерді жібермейді. Кімді ақымақ санап отыр? ҚББ басшысын жұмыстан алыпты. Ол да дұрыс емес.
Білім бөлімінің басшысын шыршаны құруға әкімдік өтінген . Болған оқиғадан кейін кінәлі педагогтер болып отыр. Министр педагогтерге араша түсуі керек.
ЮТУБ арнасының тілшісі осы туралы менен сұрады. Мен жоғарыдағы ойымды айттым.
Тілші сұрайды тағы. Педагогтер өз құқығы үшін күресуде неге белсенді емес дейді. Біздің жағдайды білмейді екен. Еліміздегі ең белсенді топ тап осы педагогтер.
Соттасып, президент пен парламентке,прокуратураға ,үкіметке хат жазатын да осы педагогтер қауымы дедім. Оны өзіміз күнде көріп жүрміз.
Ол да қайтпайды екен. Педагогтер неге митингке шықпайды.? Неге анау шахтерлер мен мұнайшылар сияқты алаңға шығып бой көрсетпейді ?
Айналайын Андрей , шахтаны жауып алаңға шығуға болады. Мұнайды да өндіруді уақытша тоқтатуға болады. Ал шуылдаған баланы тастап жұмыстан қалай кете аласың.?Үйінде болса ата-анасы жұмысқа бара алмайды. Бүкіл ел тоқтап қалады. «Цепная реакция».
Мұғалімдердің бұл позициясы олардың әлеуметтік жауапкершілігі жоғары екенін көрсетеді.
Тағы бір сұрағы. Мұғалімдер неге өздерінің міндетіне жатпайтын жұмысқа барады ? Алматының педагогтері әкіммен болған кездесуде көше сыпыруға қарсы шыққан еді. Ұмытпасам И.Тасмағанбетов кезінде. Сол кезден бастап қала көшелерінде сенбілік тоқтатылды. 2004-2008 жылдары.
Семейдегі оқиғаны айтып отыр. Ол енді әр мұғалімнің азаматтық позициясына байланысты. Егер педагог білімді,білікті болса ондай ұсынысты қабылдамас еді.
Ондай жұмысқа көнетіндер көп жағдайда жұмысында минусы барлар дедім. Ал мұғалім жұмысына минус қоятын жағдай орысша айтқанда «вагон и маленькая тележка». Жетіп жатыр.
Болмаса қолдан ұйымдастыруға болады. Кәзіргі кезде кей басшылар ата-ана мен оқушыға ұстаздың үстінен арыз жаздырып алатыны трендке айналды.
Сабағына претензия болмаса осы арызбен көзір етеді. Түбінде сындырады ондай педагогты. Сонан соң құлыңша жұмсай бер» деп жазады ол.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.