Осындай да діни уағыз бола ма? (ВИДЕО)

0
1483

ТикТок әлеуметтік желісінен парақша ашып, уағыз айтуды бастаған келесі имам Талғат Бақытұлы бүкіл адамның атажұрты қайда екенін айтты деп жазады Democrat.kz.

«Кейде біз велосипедтің шынжыры шығып кетеді ғой, сол кезде педалін әншейін басқаннан пайда жоқ қой»,- деп бастаған уағызында Талғат Бақытұлы бүкіл айтар дүниесін өліммен түйіндеп, бүкіл адамның баратын жері о дүние екенін түрлі көрініспен сипаттап айтып:

«Мән-мағынасыз өмір сүріп жатқандай болатын кезде Құран бізге жақсы көмекке келеді. Өйткені бір адам жоқ бұл дүниеде тірі қалған, барлығы ана дүниеге көшіп бара жатыр. …бәріміз кетеміз сол жаққа. Сондықтан бір уақыт ойланып, атажұртымыз жәннатты ойлап, негізі соған қарай қадам басқан абзал деп ойлаймын», — деп ойын түйіндеді.

Екі сөзінің бірі өлім, о дүние туралы өрбіген уағызшының «атажұртымыз — жәннат» дегені қалай кетті? Жәннат қашаннан бері тірілердің атажұрты еді? Видеоны қарап шығып, не түсіндіңіз? Уағызшы не айтқысы келді?

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото интернеттен алынды.