«Өтірік ажырасатындар көбейеді»
Үкімет алимент қорын құруға келіспеді.Бұған дейін ол бастаманы депутаттар көтеріп, кабминге сауал жолдаған еді.
Бастаманы Үкімет келесі негіздерді есепке алып қолдамайтынын білдірген:
Мемлекет қазірдің өзінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік көмек беріледі.
– Қор құрылса борышкерлердің көбеюіне, алимент алу үшін некені өтірік бұзуды жасанды түрде ұлғайту, жалтару жайттарын көбейтуі ықтимал. Ал қордың алдында борышты өтей алу мәселесі даулы болып қала береді.
Оның үстіне ол қорды құру үшін шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекет бюджетінен қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Қорды арнайы құрылым ретінде құрып, штат бөліп, қаражат бөлу керек болады, – делінген жауапта.
Фото ашық дереккөзден алынды.