“Өз президентімізді қайтарыңыз!” деген қазақстандық әйелдер АҚШ-қа үндеу жасады (ВИДЕО)

0
902

“Біздің президентімізді неге алып тастады?” деген бір топ келіншек көздеріне жас алып, АҚШ-қа үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

Келіншектердің айтуынша Қазақстандағы “Гербалайф” компаниясының президенті Жәния Сәтбаеваны аталмыш компанияның АҚШ-тағы басшылары орнынан алып тастаған.

“Гербалайфтың” Қазақстандағы өкілдері “Президентіміз Жәния Сәтбаева – ісіне адал, осы компанияға үлкен еңбегі сіңген кісі” деп “Америкадағы “Гербалайфтың” басшылары үнімізді есітсін” деген мақсатта ТикТок әлеуметтік желісі арқылы видео-үндеу жасады.

“Президентімізді қайтарсын! Америкада отырған “Гербалайфтың” басшылары Жәния Сәтбаеваны президенттікке қайта отырғызсын. Жәния апайдың бизнесін қайтарып берсін!” деген “Гербалайф” өкілдері президенттерінің адал болғанын айтуда.

Фото интернеттен.

@zhaniya.satbayeva

Бизнестен айырса да , осындай алтын серіктестерден айыру деген опасыздық

♬ оригинальный звук – zhaniya.satbayeva