Өз сәбиін қорлаған 18 жасар бойжеткен полицияға ұсталды

0
435

Қырғызстанның Баткен облысында жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Баланы өткір затпен тілгілеген

Порталдың құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлауынша, бірнеше күн бұрын 18 жастағы бойжеткен босанған соң сәбиді дәретхананың шұңқырына лақтырып жіберген, содан кейін баланы шығарып алып, өткір затпен тілгілеп тастаған.

Күдіктіні тәртіп сақшылары ұстады, бірақ қазір ол ауруханада жатыр.

Қылмыстық іс қозғалды. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.