«…өзімізге обал жоқ» дейді депутат
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Ақмола облысындағы инфрақұрылымның дамымай қалғанын айтып күйінді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Астана-Ерейментау-Көкшетау-Астана маршрутымен жүріп қайттым. Ақмола облысы қандай сұлу еді. Туризмды дамытпай отырған, өзімізге де обал жоқ. Ақмола облысының кез келген жері — Швейцария мен Чехиядан еш кем емес.
Тек игеру керек, бағып-баптау керек. Су десең су, орман десең орман бар. Автобанды да салдық. Енді сол жолдың бойындағы инфрақұрылымды дамытсақ, халыққа қолжетімді жасасақ — турист ағылатынын сезіп отырмын. Миллионнан астам халқы бар Астананың халқы да мейрам не демалыс күндері Ақмола облысына шығатыны айқын», — деп жазған ол.
Фото интернеттен алынды.