Пайғамбар уағызшыға жұмақтан орын дайындап қойыпты (ВИДЕО)

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видео жұртты әрі таңғалдырды, әрі көкейге күмәнді сұрақ ұялатты деп жазады Democrat.kz.
Видеода діншіл қауымға танымал Нұрсұлтан Рысмағамбетке хабарласқан кісі «досым түс көріпті. Түсінде пайғамбар оған «Нұрсұлтанға жәннаттан орын беруге уәде етемін. Жанына 400 сахаба беруге уәде етемін» депті. Сол түсі туралы сізге айтуымды өтініп еді» дейді.
Осы хабарды естіген басқа жігіттер «Аллаһу әкбар!» деп қуаныштарын жасыра алмайды. Ал видео арқылы телефонда сөйлесіп тұрған уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбеттің неге екені белгісіз, басқалар секілді мына жаңалыққа шаттанып қуанғаны байқалмайды.
Фото интернеттен.