Пайғамбар үшін бәріне дайын қыз қатты ашуланды (ВИДЕО)

0
405

Қазақстандық әлеуметтік желілерді ақтаруға қорқатын болдық. Күн сайын бірінен бірі асып түсетін ақпарат пен видеоларды көріп, кейде төбе шашыңыз тік тұрады. 

Таяуда ғана «Пайғамбардың зәрін ішкен» туралы әпсананы айтқан әлдебір «ұстаздың» әңгімесіне таңғалып үлгермей жатып, енді міне сол видеоға қатысты мұсылман қыздың арқалана, айғайлаған видеосы тарады.

«Қажет болса, Пайғамбардың с…гін де ішем, б…ын да жеймін. Бар кет! Істейтін нәрселеріңді істеңдер!» деп ентіге елірген бұл қыздың сөзіне қарасақ, қазақ ұлтынан сияқты. Ал сырт келбетіне қарасақ, діни мемлекеттердің бірінен келген-ау дейсіз.

Ал бәрінен де «Қазағымның батыры Райымбек үшін, Қарасай, Қабанбай үшін!» демей, «Пайғамбар үшін!» дегені кез келген қазақтың ұлттық рухына дем бере қояры беймәлім.

Видеоның астына жазылған пікірлер видеоның өзінен де маңызды және қызық. Бір қарап шықсаңыз болады.

Фото ашық дереккөзден алынды.