Пайғамбардың ұрпақтары» жұртты алдап ақша жинаған

0
328

Өздерін “пайғамбардың тікелей ұрпағымыз” деп жұрттан ақша жинаған қожа- имамдар әшкереленді деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы түріктің Sözcü порталына сілтеме жасап.

Өздерін “пайғамбардың тікелей ұрпағымыз” деп халыққа танытқан имам Сейіт пен имам Тарык  Құран курсын ашамыз, діни ұйым құрамыз деп жұрттан ақша жинаған.

“Расулдың перзенті және Ұйымы” атты қор құрып, “Құран үшін, пайғамбар үшін ең азы 1000 Түрік лирасынан ақша салыңыз” деген “пайғамбардың ұрпақтары” өздерінің банк есепшотын да жариялаған.

Әлгі банк есепшоттарын тексеріп кеп жіберсе, күндіз-түні әлеуметтік желіде адамның ақылына сыймайтын уағыздар айтып, екі езуі көгеріп отыратын түркиялық уағызшы Сейіт пен Тарык есімді оның әріптесі екен.

Сейіт уағызшы бүкіл Түркия әлеуметтік желісіндегі “хит имам” саналады. Оның айтқан уағыздарын тыңдаған ақылды, білімді кісі еріксіз діннен безіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар “пайғамбардың ұрпағы” Сейіт — баласыз отбасылардың сәби сүюіне “жәрдем еткен”, ғажайып мұғжизалар “жасауымен” танылған. Ал бұл екеуі неге өздерін “пайғамбардың ұрпағымыз” деп жүр? Себебі олардың бұған дейін 5000 долларға  “пайғамбардың ұрпағы” деп аталатын куәлікті сатып алғаны анықталған болатын.

Фото интернеттен алынды.