“Педагог мәртебесі” заңын қоқысқа тастай салыңыздар деді белсенді ұстаз

Әлеуметтік желіде тараған көшеде қоқыс теріп, тазалық жұмысымен айналысқан мұғалімдерге қатысты белсенді ұстаз Мейіржан Темірбек өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
Өз жазбасында Мейіржан Темірбек “Педагог мәртебесі” заңының орындалмай отырғанын, керісінше мұғалімдердің құқығы бұзылатын жайттардың тым көбейіп бара жатқанын айтады.
“Педагог мәртебесі заңы негізі жұмыс жасамайды. Оның қажеттілігі де жоқ еді. Ел ойлайды сол заңмен мұғалімнің мәртебесі көтеріліп жатыр деп. Әсіресе Ғани Бейсембаев келгелі педагогтарды көше тазалату тіпті көбейген.
Ол аз десеңіз, әкімдіктер мұғалімдерге арнайы тазалайтын территория бөліп берген. Апта сайын тырмалайды да жатады, ал мына видео соның біреуі ғана!
Тал егуге қарсы емеспін, шақырса барам. Бірақ “Таза Қазақстан” анау-мынау деген жалаң ұрандарды тоқтатқан дұрыс сияқты.
Ұлттың мақтанышы болатын ЖАЙЛЫ мектептің мұғалімдерінің жағдайы мынау болса, басқа мектептерді сұрамай-ақ қояйын.
Өздеріне ұнаса жүрсін солай. Патриоттықтарыңызды осы жерде емес басқа жерде көрсетіңіздерші өтініш.
Ал енді құзырлы органдар мына мұғалімдерді жұмсағандарды жазалай ма көрейік. Майра Мелдебекова қанша штраф саласыздар?
Заң бар ма, жоқ па, көрсек. Квитогын, алған жазасын көрейік. Семейде әкімдіктің шыршасын құрамын деп құлаған мұғалімнің жағдайы қазір қандай күйде? Білесіздер ме? Ұмыттыңыздар. “Патриоттықтың” соңы осылай аяқталады. Болмаса ана заңды қоқысқа тастай салыңыздар, ренжімейміз…” деп жазды белсенді ұстаз Мейіржан ТЕМІРБЕК.
Фото көрнекілік үшін интернеттен.