Перзентханада сәби сатылғаны анықталды

Ақтөбе облысының полицейлері облыстағы перзентханалардың бірінде жаңа туған нәрестені сату оқиғасын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы тергеу жүріп жатқанын алға тартып, бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.
«Ақтөбе облысының полицейлері жаңа туған нәрестені перзентханада сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайлар мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасады», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.