Конституциядағы тіл мәселесін қайта қарау туралы петиция жарияланды

0
2071

Конституциядан орыс тілін алып тастау немесе қайта қарау туралы петиция жарияланды деп жазды білікті ұстаз Ақмарал Шатемірқызы өзінің парақшасында деп хабарлайды Democrat.kz.

Белсенді ұстаз бұл петицияға қалай қол қою керегі мен шарттары туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп: “50 адамның қол қоюы — петицияны модерацияға өткізудің басты талабы,

содан соң ғана петиция модерацияға өтті.

Модерациядан сәтті өткен соң

*50 мың адамның қол қоюы* басталады.

Соған дайын болыңыздар.

  • Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің діңгегіне айналуы тиіс.
  • Біртұтас мемлекетке – біртұтас мемлекеттік тіл қажет!».

*Ескеру*:

Телефоннан петицияға қол қойылмайды,

ноутбук (компьютер) керек болады. Айфоннан да жасалады дейді, дегенмен ноутбук өте ыңғайлы.

ЭЦҚ (электронды кілт) ноутбукке сақтап қою керек. Және NCALayer міндетті түрде керек.

NCALayer деп гуглға жазып, ноутбукке жүктеп, орнатуға болады.

Солай дайындық жасап қойыңыздар.

  1. Ноутбук
  2. ЭЦҚ
  3. NCALayer

Осы үшеуінсіз электронды қол қойылмайды (болашақта сайлау да электронды қол қою даусымен өтеді-ау).

Осылай дайындық жасап, мемлекеттік тіл үшін қол қоюға дайын отырыңыздар.

Біртұтас мемлекетке — біртұтас тіл Ел бірлігін сақтау үшін!” деп жазды ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ақмарал Шатемірқызы. 

Фото көрнекілік үшін.