Президент Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

0
89

Мемлекет басшысы бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады деп хабарлайды Democrat.kz.

«Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды», — делінген хабарламада.

Олардың қатарында:

  • 4 еңбек ардагері;
  • 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
  • 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
  • 6 кәсіпорын басшысы;
  • 3 қоғамдық ұйым өкілі;
  • 7 мемлекеттік қызметкер;
  • 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.