Президент Тоқаев: Мен Қазақстанда тәртіпсіздік жасағалы отырған жоқпын, өйткені бұл елімдегі жағдайдың тұрақсыздануына әкеп соқтырар еді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera-ға берген сұхбатында қазақ мұнайын тасымалдаудың баламалы жолдарына қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
“Біраз жетістікке қол жеткіздіңіз – тергеулер жүргізіліп, қаржы жымқырғандарға үкімдер шықты. Менің білуімше, 1,2 миллиард долларды қайтарып алдыңыздар. Бірақ кейбіреулер жұмыс әлі бітпеді деп санайды. “Назарбаев қоры”, Halyk Bank сияқты экс-президентке қатысы бар бірқатар маңызды құрылым әлі де елеулі тексеруден өткен жоқ. Бұл жөнінде не ойлайсыз?” — деп сұрадыжурналист.
Al Jazeera журналисіне берген жауабында президент елдегі қаржы жымқыру фактісін растап, бұл салада тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
“Әрине, жұмысымызға сын айтылады. Бірақ қазірдің өзінде біраз іс атқардық – оның басым бөлігі халқымыздың, қоғамымыздың игілігі үшін істелді. Бұл ретте біздің жаңа тарихымызда тұңғыш көшбасшы болған президент Назарбаевтың тарихи рөлін мойындауымыз керек. Иә, қателіктер болды, жымқыру болды, өзіңіз айтқандай, тергеу жүргізіп жатырмыз, бұл процесс әлі жалғасып жатыр. Бірақ мен Қазақстанда тәртіпсіздік жасағалы отырған жоқпын, өйткені бұл елімдегі жағдайдың тұрақсыздануына әкеп соқтырар еді”, – деді Тоқаев.