Президент Тоқаев салық саясатын қолдады
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жаңа салық саясаты туралы баяндамасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ол саясатты қолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұманғариннің баяндамасынан кейін Тоқаев ұлттық қордан алынатын ақшаны барынша азайту керек екенін айта келе «Давайте, жұмыс істеңдер!» деп тапсырма берді.