Президент Тоқаев шұғыл жиын өткізді

0
101

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты Үкіметке, Президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімге негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы президент кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-парақшасында жазды.

“Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.

Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын”, – деп жазды ол.

Фото интернеттен алынды.