Президент Тоқаев жаңа жылды қалай қарсы алады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жыл мерекесін қайда және қалай қарсы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президенттің Жаңа жылға қандай жоспары бар? Мемлекет басшысы аталған мейрамды әдетте қалай қарсы алады? Қаңтар айының алғашқы күндері демалысқа немесе сапарға шығуды ойластырып отырған жоқ па? Бұл сауалдарға ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап берді.
«Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматтары секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар қарайды», — дейді Берік Уәли.